17.08.2023
04.08.2023
01.08.2023
25.07.2023
- 1 бірі 3
- ›
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 27 мамыр күні, сағ. 11.00 көрнекті әдебиеттанушы, абайтанушы-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ (05.01.1916 – 30.06.2004) – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері.
Қазақ ССР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы
Абайтану – Әуезовтану – Шәкәрімтану – Қайымтану – бұл өзара логикалық байланыстағы және қалыптасудың күрделі жолының, күрес пен мәдениетті қорғаудың, ғылым мен халық рухының бір-біріне өзара тәуелді үрдісінің тарихи ақиқаты. Бұл – халықтың бірегей мәдени кеңістігі.
***
«Мұхтар Әуезовті егер бір адам сатпаса, – ол Қайым, екі адам сатпаса, соның бірі – тағы Қайым. Қайым Мұхтар Әуезовтің өзіне де, оның мұрасына да аса адал болды»
Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВ
«Кәкең Абайтану ғылымының ең білгірі болды. Бүкіл ғұмырын абайтану ғылымын өркендетуге жұмсады... Кәкең ұлы Мұхтар Әуезовтің ең жақын досы болды. «Абай жолы» эпопеясына байланысты көп деректі Мұхаң Кәкеңнен – Қайым Мұхамедханұлынан алды». Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ
«Қайым Мұхамедханов кеңінен танымал, инабатты және парасатты, өз ұлтының беделді азаматы. Мен Қайым ағамен жақсы таныс болдым, жүздесіп, әңгімелесіп тұрдым, оның жарқын бейнесі менің жүрегімнен мәңгі орын алды. Менің ойымша, оның өмірі мен ісі – туған елі мен жеріне деген қызметінің өшпес үлгісі. Мен оны алаштың соңғы тұяғы, «Алаш» зиялыларының мұрагері, абай мектебінің соңғы өкілінің бірі ретінде қабылдадым». (Герольд БЕЛЬГЕР)
"Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі". Тұрсын ЖҰРТБАЙ
Байланыс телефондары: 8 7052301956, 8777 6851577.