One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2020 жылдың 3 желтоқсанынан бастап жоғары кәсіптік білімі бар (педагогикалық емес) тұлғалар үшін педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттар қабылдауды бастайды.
Курстың басталуы – 2021 жылдың 11 қаңтары, оқу мерзімі 40 кредитті (1200 сағат) игерумен 7 айды құрайды. Бұл бағдарлама үміткерлерге қысқа мерзімде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.
Құжаттар тізімі:
1) ЖОО басшысының атына еркін формадағы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелді) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) білімі туралы құжаттардың бірі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы, жоғары білім туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы (тұпнұсқа салыстыру үшін).
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7232)25-22-84; 87713533391; 887087569071; 87052816874.
Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы