One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
1 маусым - Халықаралық Балаларды Қорғау күніне арналған «7 Керемет» мерекесі
Жаздың алғашқы күніне сәйкес келетін Халықаралық Балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облысы балалары үшін ең жарқын мерекелердің біріне айналмақ.
Сол жағалау кешенінде Балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты айтулы мереке өтеді. Бұл күні конкурстық-ойын алаңшалары мен концерттік-көңіл көтеру бағдарламасы жоспарланған. 1-ші маусымда барлық отбасылар балаларымен бірге сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жалғасатын көңіл көтеру бағдарламасына қатыса алады.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 27 мамыр күні, сағ. 11.00 көрнекті әдебиеттанушы, абайтанушы-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:
«Тәлімгер Вожатый Fest» фестивалінің
бағдарламасы
Өткізілетін мерзімі: 27 мамыр
Өтетін орны: «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, Өскемен қ, Амурская көшесі, 1.
Фестивальдың ұйымдастырушылары:
ШҚО Білім басқармасы;
«ШҚО ТжКБ және КД орталығы» КММ;
«ШҚО Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» ҚМҚК.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ барлық жылдардың түлектерін жыл сайынғы ӨПИ-ШҚМУ түлектерінің дәстүрлі Форумына шақырады.
Аталған форум 27 мамыр күні сағат 17.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратының акт залында өтеді (Қазақстан көшесі, 55).
Форум бағдарламасында – облыстың танымал әртістері өнер көрсетіп, фуршет, ЖОО-ның құрметті түлектерін марапаттау жоспарланған.
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді іс-шараларға қатысуға шақырамыз:
20 мамыр күні, сағат 10.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» іс-шарасы өтеді.
2016 жылдың 18 мамырында «Казахстанская правда» газетінің 93 (28219) нөмірінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізген 2016 жылдың мамандарды дайындаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР ЖОО-ның рейтингісі жарияланды.
Рейтинг нәтижесі бойынша бакалавриат пен магистратураның 12 мамандығы үздік үштік қатарына енді:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ
Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
18 мамыр күні сағат 11-де №1 корпустың 257 дәрісханасында жалпықазақстандық ашық диктант өтеді.
Барлық қатысам деушілерді мемлекеттік тілді қаншалықты жетік білетіндерін тексеруге шақырамыз.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Аманжолов атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ: ҰЛТТЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» халықаралық қатысумен
Аймақтық ғылыми-практикалық конференция