One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ базасында TOEFL халықаралық емтиханын тапсыру үшін топқа қабылдау жарияланады.
Емтихан 8 қазанда, сағат 10.00-де №1 оқу ғимаратындағы Ғылыми кітапханада (3 қабат) өтеді.
Байланыс телефоны: 8 705 527 41 27.
Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі
Құрметті оқырмандар!
Ғылыми кітапхана оқу залдарының жұмыс кестесін Сіздердің естеріңізге саламыз:
Дүйсенбі – жұма – 8-00-ден 19-00-ге дейін,
Сенбі – 8-00-ден 17-00-ге дейін.
Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.
Ғылыми кітапхана
28 қыркүйек – 1 қазан аралығында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мектеп оқушыларын, студенттерді және барлық ниет білдірушілерді «Кел! Қызықта! Белсенді бол! Өзіңді дамыт!» ПИАР акциясына шақырады.
Бағдарламада:
- Кітапханаға экскурсия;
- Кітап қорымен, өлкетану бойынша бірегей сирек басылымдармен танысу;
- Кітапхана қызметтері туралы ақпарат, оның ішінде онлайн;
- Тегін үйірмелер мен қызығушылық клубтары туралы ақпарат.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық бейнеконференциясына шақырады.
Өтетін күні – 27 қараша.
Өтетін уақыты: 10.00.
Өту форматы: онлайн.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өтінім беру – 15 қарашаға дейін.
«Қазақстанның жоғары мектебі» ғылыми-талдау журналына мақалаларды қабылдау жүруде.
Дайын материалдарды 1 қарашаға дейін мына мекен-жайға жіберу керек: higher.edu@n-k.kz
ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, «Қазақстанның жоғары мектебі» журналы
«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ жанындағы Жас ғалымдардың халықаралық қауымдастығы ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының «Үздік жас ғалым-2021» кітаптар топтамасының IV нөмірінде жариялауға өтінімдер қабылдау.
Өтінімдер жас ғалымдардан, магистранттардан, аспиранттардан және докторанттардан (35 жасқа дейін) қабылданады.
Материалдар 28 қыркүйекке дейін қабылданады.
Қатысу формасы – күндізгі және сырттай.
Құжаттар үш тілде қабылданады: қазақ, орыс, ағылшын.
2022-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
Құрметті педагогикалық мамандықтардың түлектері!
Сіздерді «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ» атты курсқа тіркелуге шақырамыз.
Бұл курс қосымша платформаға жүктелген, онда сіздер оңай тіркеліп, курсты толығымен оқи аласыздар.
Курс бойынша барлық ақпаратты 1 корпустағы 250 кабинеттің Цифрлық педагогика зертханасына хабарласып, +77053910191 Малика Фархатқызынан біле аласыздар.
Цифрлық педагогика зертханасы
Құрметті С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары мен студенттері!
Сіздерді Elsevier компаниясының «Scopus – жариялау үшін журнал іздеу» атты екі күндік вебинарына шақырамыз!
Тренер – Рәбиға Қожамқұл, MD, MPH, PhD кандидат – Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесші.
Вебинар ZOOM платформасында өтеді.
Вебинардан кейін барлық қатысушыларға электрондық сертификат жіберіледі.
Өтетін күні мен уақыты: 17 қыркүйек, 11.00.
Құрметті әріптестер!
Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы барлық ниет білдірушілер үшін түрік тілінің тілдік курстарын өткізеді.
Курстарды түрік тілі өзінің ана тілі болып табылатын доцент, доктор Гүлбану Думан жүргізеді. Курс 2021 жылдың 15 қыркүйегінен басталады. (Оқу кестесін кездесу кезінде талқылаймыз).
Сағат саны – 36.
Курстың құны – 5 000 теңге (топта 12 адам болуы тиіс).
Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы