One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Адиканова Салтанат – IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD.
WorldSkills стандарты негізінде өндірістік оқыту шеберлері мен Арнайы пәндер оқытушылары арасында «Master Skills Shygys – 2020» І өңірлік чемпионатын өткізуге үлкен үлес қосқаны үшін «ШҚО білім басқармасы» ММ басшысының алғыс хаты бар. Соңғы үш жылда 20 біліктілікті арттыру сертификаты бар, олардың 2-і Coursera платформасы негізінде. COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәжірибесінен - қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолдана отырып оқытуға заманауи әдістемелік тәсілдер» Республикалық оқыту вебинарында «Қашықтықтан оқыту арқылы білім беруде бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. 2020 жылдың тамыз айында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ПОҚ мен қызметкерлері үшін «ЖОО заманауи оқытушысының IT – құзыреті» тақырыбы бойынша тренер болып, онлайн біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқыды. Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады. Bilim – Orkenieti ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 1 дәрежелі ДИПЛОМ мен "Жоғары білімнің құрметті педагогы" төсбелгісінің иегері. Д.Серікбаев атындағы ШҚУ «Автоматтандыру және басқару» және «Аспап құру» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2020» атағының иегері.