Ғылыми кеңестің кезекті отырысы аясында қызметкерлер мен ПОҚ бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарларын, академиялық күнтізбелер мен GPA-ны талқылады. Университеттің 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде университеттің жоғары мектептері мен жоғары колледжінде оқу-әдістемелік жұмысты жетілдірудің жағдайы мен басымдықтары қаралды.
Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған шәкіртақыларды тағайындау туралы мәселелер көтерілді. Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша аттестаттау комиссиялары төрағаларының есептері бекітілді.
«Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы Мустафина М.О. пәндер бойынша емтихандардың форматы және «Қазақстан тарихы», «Қазіргі Қазақстан тарихы» оқу пәндері бойынша баяндады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтып берді.
Сонымен қатар, отырыс шеңберінде университет кафедраларының ПОҚ атқаратын оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын және педагогикалық жүктемені есептеу үшін нормативтер бекітілді. ПОҚ, университет қызметкерлерінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін жариялауға ұсынымдар қабылданды. Оған қоса, ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1 жылдық докторанттардың докторлық диссертациялары мен ғылыми кеңесшілерінің тақырыптары ұсынылды. Сондай-ақ, инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті директоры Нұрлана Әлімбекованың монографияларды жариялауға арналған ұсыныстары да назарға алынды. Университеттің Ғылыми кеңесі бұрын қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мұратқан Мадияровтың есебі тыңдалды.
Жиналыс соңында Ғылыми кеңеспен «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды.