16.06.2023 АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ ФОРМАТЫНДА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ РЕСМИ БАЗАСЫ ҚҰРЫЛДЫ «ҚР демографиялық қауіпсіздігін бағалау» гранттық жобасын іске асыру аясында «Алтайтану» ҒЗО қызметкерлері ақпараттық портал форматында http://statdata.info/ демографиялық деректер базасын құрды. Жанна Әубәкірова, Антон Ивлев, Нелли Краснобаева, Александр Алексеенко және Элеонора Столярова жұмыстың авторлары екенін растайтын мемлекеттік куәлік алды. Демографиялық ақпараттық портал демографиялық саясатты әзірлеу және іске асыру, аумақтарды дамытуды жоспарлау, халық үшін әлеуметтік қызметтерге сұранысты бағалау сияқты қоғамдық менеджменттің стратегиялық маңызды салаларында кең мүмкіндіктер ұсынады. Портал деректері негізінде әлеуметтік инфрақұрылымға - мектептерге, ауруханаларға, қарттар үйлеріне және тұрғын үй құрылысына биылғы және болашақтағы қажеттіліктерді талдауға болады. Қолда бар объективті ғылыми есептеулерге сүйене отырып, еңбек нарығын дамытудың талдауы мен болжамдары жоғары сенімділік пен тиімділікке ие болады - Порталдың басты міндеті – өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және еліміздің адами капиталын дамыту. Сайтты веб-интерфейс арқылы тәуелсіз бағдарлама ретінде пайдалануға немесе API арқылы басқа бағдарламалық шешімдермен біріктіруге болады, - дейді «Алтайтану» ҒЗО қызметкерлері. Авторлардың айтуынша, бұл цифрлық ресурсты құру және авторлық құқықты мемлекеттік деңгейде бекіту – қазіргі ғылымды әлеуметтік басқару практикасына табысты интеграциялаудың және университет қызметкерлерінің елдің дамуына лайықты үлесінің мысалы бола алады. View the full image