27.06.2023 «АЛТАЙТАНУ» ҒЗО ВЕБИНАРЛАРЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРУДЕ «Алтайтану» ҒЗО қызметкерлері республикалық деңгейде ауқымды вебинарлар циклін өткізді. 84 мұғалімді жобалық қызметке оқыту 15-20 маусым аралығында өтті. «Жобаны қалай дайындауға және оны сәтті қорғауға болады?» тақырыбындағы курстар үш сессиядан тұрды. Тыңдаушылар зерттеу мәселесін анықтауды, тапсырмалар мен міндеттерді дұрыс қоюды, өзектілігі мен жобаның практикалық маңызын нақтылауды және ғылыми жұмысты жүзеге асыру барысын үйренді. «Алтайтану» ҒЗО директоры Жанна Әубәкірованың айтуынша, орталық мамандарына бүгінге дейін өткен курстарға қатысты ақжарма тілектер, хаттар келуде. Бұдан былай бүкіл Қазақстанның педагогтары мен жас мамандары университет қызметкерлерінің еңбегі мен кәсібилігінің арқасында ғылыми және жобалық қызмет тақырыбында тереңірек және практикалық білімге ие болды. Айта кетейік, мұндай семинарларды ПОҚ және ЖОО студенттері үшін де өткізу жоспарланған. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image