20.06.2023 «АЛТАЙТАНУ» ҒЗО ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҮЙРЕТЕДІ «Алтайтану» ҒЗО мұғалімдер мен жас зерттеушілерге арналған «Жобаны қалай дайындауға және оны сәтті қорғауға болады?» тақырыбында вебинарлар циклын өткізді. Мақсаты – педагогтарды көбірек жобалық қызметке тарту және оқушыларға байқауларда жеңіске жетуге мүмкіндік беретін сапалы ғылыми жобаларды дайындауды үйрету. - Бірінші вебинарда біз жобалардың мүмкіндіктерін, жобалық қызметтегі қиындықтар мен қателіктерді талдадық. Жалпы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарын қарастырдық. Екінші вебинарда тыңдаушылар көптеген сұрақтарға жауап алды. Мысалы, зерттеу мәселесін және жоба тақырыбын қалай анықтауға болады? Жобаның мақсаты мен міндеттерін қалай қою қажет? Жобаның өзектілігі, жаңалығы және практикалық маңыздылығы қандай? Осының бәрін практикалық мысалдармен талдадық, - дейді «Алтайтану» ҒЗО директоры Жанна Әубәкірова. Үшінші кезең қажетті әдебиеттерді іздеу әдістеріне, команда құру дағдыларына және оқушыны жоба жұмысына қызықтыруға арналды. Қатысушылар ғылыми жазу стилін үйреніп, тыңдаушылар дайындаған шағын жобаларды талдады. Айта кетейік, вебинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 84 педагог қатысты. «Алтайтану» ҒЗО View the full image View the full image View the full image