31.03.2023 АЛТМУ ПРОФЕССОРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АСАКРИТИКАЛЫҚ ФЛЮИДТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТҮСІНДІРУДЕ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың химия кафедрасының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларына арналған «Асакритикалық флюидтік технологиялар негіздері» пәні бойынша сабақтар өткізілуде. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәрістерді химия ғылымдарының докторы, профессор, Алтай мемлекеттік университетінің химия және химиялық-фармацевтикалық институты органикалық химия кафедрасының меңгерушісі Наталья Базарнова жүргізеді. Ғылыми және сонымен бірге барлығына түсінікті тілде, көптеген иллюстрациялық материалдарды қолдана отырып, профессор тыңдаушыларды күрделі, бірақ сонымен қатар қызықты, өзекті материалмен таныстырады. Сабақтарда Алтай мемлекеттік университетінің химия зертханаларында асакритикалық флюидтік технологияларды практикалық тұрғыдан қолданылуының бейнефрагменттері көрсетіледі. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың химия кафедрасы View the full image View the full image View the full image