23.06.2023 АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЛУЖ-НАПОКА ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Клуж-Напока техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы, сонымен қатар Эрасмус+ бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттер алмасу туралы келісімге қол қойылды. Аманжолов университетінің ректоры Мұхтар Төлеген Еуропалық техникалық университеттермен ынтымақтастыққа айырықша мән береді. 2023 жылдың 12-16 маусымы аралығында Эрасмус+ бағдарламасының аясында стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімінің маманы және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сениор лекторы Раушангүл Мұқышева мен «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО-ның аға ғылыми қызметкері Меруерт Маулет Клуж-Напока техникалық университетінде ғылыми тағлымдамадан өтті. Аманжолов университетінің ғалымдарын Клуж-Напока техникалық университетінің проректоры, профессор Дан Мандру және халықаралық бөлімнің меңгерушісі Амалия Мелег қабылдап, болашақ жоспарлар жайында сөйлесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары талқыланды. Клуж-Напока техникалық университеті ‒ Еуропалық технологиялар университеті (EUt+) альянсына мүше. Бұл ұйымға басқа мүше университеттер: Дублин технология университеті (Ирландия), Рига техникалық университеті (Латвия), Дармштадт Жоғары мектебі (Германия), Труа техникалық университеті (Франция), Картахена политехникалық университеті (Испания), София техникалық университеті (Болгария), Кипр технологиялық уиверситеті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Клуж-Напока техникалық университетінің EUt+, Еуропалық технологиялар университетімен келісімге қол қою ұсынысын жоғары бағалайды. Сондай-ақ Раушангүл Мұқышева Клуж-Напока техникалық университетінің гуманитарлық факультетінің (Байа Маре қаласы) профессорлық-оқытушылық құрамына Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және «Қазақ ауыз жанрлық ерекшеліктері» туралы дәрістер оқыды. Гуманитарлық факультет басшылығы тарапынан Қазақ мәдениеті бұрышын ашу жөнінде ұсыныс айтылды. Байа Мареде Оңтүстік Корея және Америка мәдениеттері осындай үлгіде таныстырылыпты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО-ның аға ғылыми қызметкері Маулет Меруерт Клуж-Напока техникалық университетінде «Материалтану және қоршаған орта инженериясы» факультетінде «Термиялық бүрку әдістеріне жалпы шолу» тақырыбында дәріс оқыды және факультеттің материалды-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО-мен таныстырып, орталықта жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы баяндады. Факультет деканы Каталин Овидиу Попа болашақта екі университет ғалымдары бірігіп ғылыми жобалар жүргізу мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Клуж-Напока техникалық университетінің «Материалтану және қоршаған орта инженериясы» факультетінің «Экологиялық инженерия және кәсіпкерлікті тұрақты дамыту» кафедрасының меңгерушісі Тимеа Габор аталмыш кафедраның лабораториясымен таныстырды. Трансильвания мен Шығыс Қазақстан аймақтарының екеуінде де кен өндіру, металлургия саласы қарқынды дамыған, сол үшін де экологиялық зерттеулердің екі университет үшін өзекті болуы заңды. Халықаралық бөлім View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image