ЖОО қызыл жалын кесірінен қиын жағдайға тап болған жанұяларға материалдық көмек көрсетеді. Айтып келмеген апат салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Жүздеген адам азық-түліксіз, құжатсыз, қаражатсыз қалды.
- Көрші Абай облысындағы өрт – Шығысқа түскен ауыр салмақ. Жалпыұлттық аза. Мұндайда әр азамат шетте қалмауы тиіс деп есептейміз. Оқу орыны кеңесімен зардап шеккен отбасыларға 10 грант беру туралы шешім қабылданды. Университет ұжымы марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады, - деді оқу орыны басшысы Мұхтар Төлеген.
Айта кетейік, алапат өрт 9 маусым күні басталған еді. Тілсіз жауды сөндіру әлі жалғасуда. Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.