17.06.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ Amanzholov University-де кезекті Ғылыми кеңес өтті. Жиында университет жұмысының түрлі бағыттары бойынша атқарылған шаралар бойынша қорытындылар шығарылды. Мәселен, 2021-2022 оқу жылының екінші жарты жылдығында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқу жүктемесін орындауы туралы ОӘЖ ұйымдастыру бөлімінің басшысы И.В.Зинченко ақпарат берді. Былтырғы оқу маусымынан бері С. Аманжолов атындағы ШҚУ жанынан құрылған "Абайтану" ғылыми зерттеу институты атқарған жұмыстар да сарапқа салынды. Ұйымдастырылған шаралар туралы "Абайтану" ҒЗИ директоры А.М.Қартаева баяндады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.К.Аяғанова университет оқытушылары мен қызметкерлерінің жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ақпараты берді. Ғылыми кеңесте қаралған келесі мәселе - педагогикалық бағытта білім алған бітіруші түлектердің ұлттық біліктілік тестін тапсыруы бойынша министрлік берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде болды. Бұл бағыт бойынша "DANA BALA" үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы басшысы А.К.Алипова мен Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. Ж.Б.Болатова ақпарат берді. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындау туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының маманы А. М. Раисова ақпарат берді.Университеттің қабылдау комиссиясының 2022 жылғы қабылдау науқанына дайындығы туралы Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманованың баяндады. 2022 жылғы университет түлектеріне диплом тапсыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөнінде Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. Ж.Б.Болатованың ақпараты ұсынылды. Сонымен қатар, қосымша білім беру қызметтерін ұсынуға бағалар прейскурантын бекіту туралы Жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы К. Б. Корыкбасова баяндама жасады. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image