18.03.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ "НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Шығыс Қазақстан облысының жетекші ЖОО-да облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Алқалы жиында қонақтар Наурыз мерекесінің таным-тарихы, сондай-ақ тәрбие үдерісіндегі ұлттық мерекенің алар тұғыры мен маңыздылығын атап өтті. - Amanzholov University Наурыз мейрамын 14-нен тойлай бастады. Көрісу, Жайлау, Шежіре, Тарихқа тағзым атты арнайы күндер атап өтілді. Бүгін Наурыз мерекесіне арналған облыстық ғылыми конференция өткізілді. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын! - деді Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген. Сондай-ақ, конференция барысында Наурыз мерекесінің шығу тарихы және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпараттар ортаға салынды. - Amanzholov University өткізген конференцияға үлкен қуана қатыстым. Студенттер мен оқытушылар Президент Жолдауын ой-електен өткізген, бірге Жаңа Қазақстан құруға алға басып отыр. Қазақстанның әрбір азаматы бай тарихы бар жаңа Қазақстанға айналу үшін не істей алатынын сезінуі керек уақыт жетті. Өйткені дала заңы адам сүйгіштікке, ұлттар арасындағы достықты насихаттап, соған бағытталған еді, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик. Лео Богдановичтің айтуынша, қазіргі Қазақстан өзінің тарихымен ұлы дала дәстүрлерінің өміршең, ең бастысы – тұрақтылық пен адамдар арасындағы достықтың негізінде жатқанын дәлелдеді. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image