21.06.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ 10-НАН АСА СТУДЕНТІ АҚШ, ПОЛЬША ЖӘНЕ ЛИТВАҒА БАРАДЫ Келесі оқу жылында студенттер академиялық ұтқырлық аясында Америка Құрама штаттары, Польша және Литваға білім алуға барады. ЛАДО Халықаралық институты (АҚШ), Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университет (Польша), Каунастағы Ұлы Витаутас университеті (Литва) биыл күзде барлық пәндерді жете меңгерген, шет тілдерін жоғары деңгейде білетін ШҚУ студенттеріне есіктерін айқара ашады. - Бүгін Америка Құрама штаттары, Польша және Литваға оқуға баратын жастармен кездестім. Студенттер ол жақта да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, білімдерін шыңдап қайтарына сенімдімін. Тек сәттілік!, - деді ректор Мұхтар Төлеген. Академиялық ұтқырлық - қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау процесінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн. С.Аманжолов атындағы ШҚУ жыл сайын серіктес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтіп, студенттерге таңдаған дайындық бағыты бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жетекші ғылыми мектептер құрылатын білім орталықтарына баруларына жағдай жасап, студенттердің дүниетанымын мәдениеттің сан салаларында кеңейтуде қыруар шаруа қолға алған. View the full image