12.04.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді. Директорлар кеңесінің жаңа құрамының бекітілуіне байланысты Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке сайланды. Отырыста Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитеттерінің және Корпоративтік хатшының 2022 жылғы қызметі туралы есептер тыңдалды, Қоғамның штат саны және Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы жылдық есебі бекітілді, Қоғамның 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен Меморандум жасасу туралы ақпарат қарастырылды және қабылданды. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image