16.03.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY РЕКТОРЫНЫҢ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНА ПІКІРІ "Құрметті достар! Қадірменді ұстаздар мен студенттер! Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ішкі және сыртқы жағдайлар бойынша Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Amanzholov University ұжымы мен білім алушылары да мемлекет басшысы ұсынған жаңа реформа барысын бірге тыңдап, талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл Жолдаудың арқалайтын мән-маңызы айрықша екенін және тек бір жылмен шектелмейтін міндеттер жүктелгенін баса айтты. Ең бастысы, бірлігі жарасқан халқымыз алдағы таңға ұлы мақсаттар қоя отырып, бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірісті. Жаңа Жолдаудың ұлы ақын Абай Құнанбайұлы дүниеге келген киелі өлке үшін әкелген жаңалығы зор болды. Ел Шығысында енді тағы бір жаңа – Абай облысы құрылады. Орталығы – Семей қаласы. Дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан өңір халқы үшін бұл әлбетте жаңа мүмкіндік, жаңа белес, жаңа мақсат пен мүдде. Олай болса, достар, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ дамуына бірге ерең еңбек етейік! Жалпы Абай Құнанбайұлы мұрасын кеңінен насихаттау жұмысы біздің оқу ордамызда жүйелі түрде жүзеге асырылады. 2019 жылдан университет негізінде Абайтану ғылыми-зерттеу институты қызмет етіп келеді. Бұған қоса, Польшада арнайы Абайтану орталығын аштық. Бүгінде студенттерімізге Абай атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалып, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ел Президенті Жолдауында айтылған дамудың, жалпы мемлекеттілігімізді, тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді нығайтуға бағытталған міндеттер ауқымды. Өзгерістер заң жүзінде Президенттік басқару тәсілінен бастап, Парламент, Үкіметті толық қамтиды. Көпшілікті толғандырған «Қаңтар-2022» қасіретіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ашықтық принципін мүддеге алған Президент ақиқатты бұқпады. Ел тыныштығын бұзып, төңкеріс жасамақ болған қылмыскерлердің, сондай-ақ ұсталған азаматтарға қатысты заңсыз қинау әдістерін қолданған жауапты лауазым иелерінің де заң алдында жауап беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы нағыз бәсекелестік болғанда ғана елдің жағдайы жақсаратынын, Қазақстан халқының ертең емес, дәл қазіргі кезеңде жақсы өмір сүруі үшін президенттік және перзенттік борышын орындайтынын айтты. «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті» деген Президент Қазақстанды түбегейлі тарнсформациялау жалғасатынын нұсқады. Себебі, Заң бәріне ортақ! Жолдауда айтылғандай, сайлау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Енді сайлау алдында уәдесін орындамаған депутат кері қайтарылады. Аудан мен қаладағы сайлау мажоритарлық жүйеге көшеді. Партияларды тіркеу процедуралары айтарлықтай жеңілдетіледі. Ал Президент ешбір партия мүшесі болмайды. Әкімдер де төрағалық қызметтен босатылады. Сонымен қатар, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері лауазымына Президент маслихаттардың қарауына тек бір емес, бірнеше, ең кемінде екі кандидат ұсынуы тиіс. Бұл ретте мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Алда атқарылатын жұмыс ауқымы зор. Біз оны ұғынамыз. Бастысы, мемлекеттің ертеңіне зор сеніммен қарайтын, жеке бастың емес, елдің мүддесін жоғары қоятын қоғаммен Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа ала отырып, дамудың жаңа дәуіріне жол бастаймыз. Бұл бағытта бірлігіміз берік, ұлттық рухымыз биік болсын дегім келеді. Ал халқына адал ұрпақ тәрбиелеуде біздің Amanzholov University қалтқысыз қызмет ете береді". View the full image View the full image View the full image View the full image