26.06.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ЖАС АУДАРМАШЫЛАР МЕКТЕБІНІҢ» АРНАЙЫ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Гүлім Тұрсын Қазақстан, Ресей, Венгрия мемлекеттерінің Халықаралық мәдени-ағарту жобасының аясында ұйымдастырылған көркем аудармашылар байқауында жеңімпаз атанып, «Жас аудармашылар мектебінің» арнайы грантын жеңіп алды. Ол қазіргі проза жанрының хас шебері Нина Литвинецтің «Антиквар» әңгімесін қазақ тілінде сөйлетіп, байқауға қатысқан. Халықаралық аудармашылар институтының директоры Евгений Резниченко ШҚУ студентінің жұмысына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта Гүлім университет басшылығының қолдауымен Мәскеу қаласында жас аудармашылардың курсында біліктілігін шыңдауда. Жалпы, байқауда төрт түрлі бағыт бойынша аударма жасауға мүмкіндік берілген. Яғни, қазақ-орыс, орыс-қазақ, мажар-орыс, орыс-мажар тілдерінде. - Қазылар алқасы бірнеше критерий қойған еді. Оның ішінде аударманың нақтылығы, көркем әдеби стильдің сақталуы, орфографиялық және тілдік нормаларға сай болуы. Осы талаптарға сәйкес болғандықтан, менің аудармам оннан аса аударма ішінде жүлделі үшінші орынға ие болып «Жас аудармашылар мектебінің» арнайы грантын ұтып алуға мүмкіндік берді, - дейді студент. Гүлім Тұрсынның айтуынша, мектеп аясында үлкен тәжірибе жинап, көптеген аты аңызға айналған аудармашылармен кездескен. Атап айтқанда 50 тілді жетік меңгерген, синхроншы аудармашы, лингвист Дмитри Петров, Мәскеу Мемлекеттік университетінің білікті ұстаздары Анна Эспарса,Тарас Вархотов сынды мықтыларынан дәріс алған. Сондай-ақ, венгрлердің атақты аудармашысы, әдебиеттанушы Йожеф Горетитя, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығының аға оқытушысы Ақерке Асаннан білім алуға мүмкіндік алды. View the full image View the full image View the full image View the full image