26.05.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Жалынды жастар байқауы - ІХ облыстық «Студенттік көктем – 2023» өз мәресіне жетті. Ең үздік нөмірлер, ең мықтылар сынға түскен аймақтық сайыста С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жеңіске жетті. Шығысқазақстандық сегіз колледж бен үш ЖОО қатысқан өнер бәйгесінде студенттер вокалдық нөмір, заманауи би, сахналанған музыкалық қойылым, жайдарман әзілдері, ұлттық би сияқты бірнеше сында өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, ШҚУ шығармашылық бағдарламасының шымылдығын ашқан «Жаңа Қазақстан» театрландырылған шоуы көпшілікке ұнады. - Бірнеше ай бойы дайындық еш кетпеді. Көп күткен жеңіске қол жеткіздік. «Студенттік көктем» байқауы нағыз таланттарды ашатын өнер бәсекесі. Бұған дейін қалалық сында бірінші болған едік, енді міне, облыстық деңгейде үздік атандық. Әрине, ең алдымен барлық қолдаушыларымызға, оқытушыларымызға, университет ректорына алғысымызды айтамыз, - дейді студент Дамир Абайқан. ШҚУ өнерпаздары айтулы номинацияларды да иеленді. Соның бірі «КазЦинк» ЖШС Бас директорының «Алтын дауыс» арнайы сыйлығы және 100 мың теңгенің сертификаты «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті Амина Сержановаға табысталды. Одан бөлек, 250 мың теңгелік ақшалай сыйлық пен «Жыл таңдауы» номинациясы университетке бұйырды. Әрине, ең басты жеңіс – «Студенттік көктем – 2023» байқауы жеңімпазының кубогі және 300 мың теңге сертификатына ШҚУ студенттері лайық деп танылды. - С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Жоғары колледж таланттары киелі сахнаның сәнін келтіріп, тек білім мен ғылымда ғана емес, өнерде де ең үздік екендерін тағы да дәлелдеді. Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын! Біздің студенттер әрдайым жан-жақты, ең белсенді екеніне облыс тұрғындары тағы да куә болды! Алға Amanzholov University!, - деді Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген жастарды құттықтап. Шығыс Қазақстан университеті өткен жылғы «Студенттік көктем» байқауында да жеңімпаз атанған. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image