17.08.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖАТАҚХАНАЛАРЫ 100% ДАЙЫН Жаңа оқу жылында Аманжолов университетінің студенттері жатақханаларында жақсартылған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда тұратын болды. Ыңғайлы бөлмелер, жаңа төсек-орын, жиһаздар мен жылыту жабдықтары жаңартылған, әр бөлмеде Wi-Fi орнатылған. С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Төлеген «АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділовамен бірге ШҚУ Студенттер үйлерінің жай-күйін қарап шықты. Аманжолов университеті жатақханаларды жөндеу мақсатында жүйелі жөндеу жұмыстарын жүргізуде екен. Бүгінгі күні Студенттер үйлерінде шойын радиаторлары алюминий радиаторларына ауыстырылып, жылу жүйесі мен душ кабиналары жөнделген. Барлық жатақханалар пандустармен қамтамасыз етілген. №4 және №5 студенттер үйлерінде 45 жылдан бері өзгермеген жаңа терезелер мен қоршаулар орнатылған. Бірінші қабаттағы кіреберіс ауыстырылып жаңартылған. Сонымен қатар, барлық жатақханаларда дәретханалар мен алаңқайлар және №4 жатақхананың шатыры да жөнделген. Жөндеуді қажет ететін бөлмелердің барлығы дерлік жөнделіпті. Бұл атқарылған жұмыстың аз ғана бөлігі екен. Сондай-ақ, Мұхтар Төлеген мен Сайрангүл Жұмаділова ЖОО-ның басқа да нысандарын аралап көрді. - Фитнес орталықтағының барлық тренажерлар жақсы жағдайда. Спорт алаңы жаңартылды және студенттерге есігін айқара ашуға дайын. Кітапханалар, демалыс бөлмелері, компьютерлері бар оқу аймағы, "Парасат" студенттерге қызмет көрсету орталығы жақсы жағдайда, - дейді Мұхтар Төлеген. Қыркүйек айында ШҚУ студенттері атқарылған жұмыстарды өздері бағалайды. View the full image View the full image View the full image View the full image