21.08.2023 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ Экономика және құқық жоғары мектебі жетілдірілген "Экономика және басқару" мен "Қаржы және есеп" қос білім беру бағдарламаларын ұсынды. Бұдан былай "Экономика және басқару" қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдарда сұранысқа ие, жаңа экономика саласындағы мамандарды даярлауды білдіреді. Мұндай білім беру бағдарламасының түлегі классикалық экономисттен ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызметтің білікті дағдыларымен ерекшеленеді. -ЖОО-ны бітіргеннен кейін біздің студенттер мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналаса алады. Бұл шынымен де көптеген есіктерді ашатын ауқымды бағдарлама, - дейді Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының мамандары. "Қаржы және есеп" қос мамандығының мақсаты - талдамалық ойлау мен ғылыми-зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау. Түлектер ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, экономикалық қызметтер, екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру, зейнетақы, ипотекалық және лизингтік компаниялар, инвестициялық қорлар, экономикалық соттар және ғылыми-зерттеу ұйымдарында қызмет атқара алады. Қосарланған мамандықты (double major) қос дипломды білім бағдарламалармен шатастыруға болмайды (double degree). Толығырақ ақпарат алу үшін: 8(7232) 54-08-12 8(7232) 54-01-44 8-776-529-99-98 8-747-377-49-42 View the full image