15.04.2023 ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ Облыс оқушылары арасында өткен үш күндік фестиваль өз мәресіне жетті. Болашағы жарқын жас ғалымдар Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылыми қызметкерлеріне өздерінің авторлық өнертабыстарын көрсетіп, бағасын алды. Көптеген жобалар ұсынылған шараның мақсаты – оқушылардың мектеп жасынан зерттеу жұмыстарымен айналысуға деген ынтасын арттырып, білім-ғылымға баулу. Алғашқы күні қазылар алқасы 16 жұмысты бағалады. Екінші күні 28 жұмыс таныстырылса, қорытынды соңғы күні 17 жоба жұрт назарына ұсынылды. - Өтініш беріп, таныстырылымы өткен жұмыстардың әрқайсысы маңызды. Бастысы сан қилы саланы қамтыған. Ауыл шаруашылығынан бастап әдебиет, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану, биология т.б. Сондықтан, жобаларды бағалау да әділқазылар үшін оңайға соқпады. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймын. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған жас ғалымдарымызды келесі жылы дәл осы байқауда күтеміз!, - деді ШҚУ-дың Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова қатысушыларға. Сонымен фестиваль қорытындысы бойынша «Ғылымға алғашқы қадамдар» номинациясында 25 мың теңгенің сертификаты мен үшінші орынды Алтай қаласының №9 орта мектебінің 3-сынып оқушылары Раиса Әбілтай мен Аяна Нұрланова иеленді. Тағы бір үшінші орын мен ақшалай сертификат Глубокое ауданы О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұртілеу Ағзамға бұйырды. Екінші орынға Ұлан ауданы Б.Ахметов атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Нұрболат Тұрсынханов қол жеткізді. Тағы бір екінші орын және 30 мың теңге Өскемендегі Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің оқушылары Алан Дүйсен мен Даниил Феденевке берілді. Екі бірінші орынды және 35 мың теңгенің сертификатын аталған мектептің 2-сынып шәкірті Глеб Воеводин және Алтай қаласы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Жакежанова алды. Ал, «Әлеуметтік гуманитарлық бағытта» Глубокое ауданы О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жалғас Саматов 30 мың теңгенің сертификаты табысталған үшінші орынды иеленді. Алтай ауданының №2 Жаңа-Бұхтырма орта мектебінің 7-сынып оқушылары Руслан Шматов пен Артемий Масловқа екінші орын және 35 мың теңге ақшалай сыйлық бұйырды. Бірінші орын мен 40 мың теңге Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінің оқушылары Мәрмәр Мәулітбек пен Нұрбол Мантайға берілді. «Жаратылыстану техникалық бағытта» үшінші орын Өскемендегі №37 көпсалалы орта мектебінің 11-сынып оқушылары Федор Самойлов, Владимир Астаховқа бұйырды. Сонымен қоса 30 мың теңге еншіледі. 35 мың теңгенің сертификаты мен екінші орынды қалалық №7 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ярослав Заботин алды. Ұлан ауданы Т.Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасының 6-сынып оқушысы Томирис Көрпеш ең үздік деп танылып, 40 мың теңгенің сертификаты табысталды. Жүлделі орындардан бөлек екі қатысушыға С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім беру грантын алуға сертификат берілді. Бірі жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша Өскемен қаласы №1 Шәкәрім атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерсін Сейтқамзинге бұйырса, екінші сертификатты Алтай қаласының №9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрай Құрманғажыға табыстады. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image