17.07.2023 III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының 12 студенті Чарыш ауданындағы «Голубой Утес» оқу практикасы базасында жас ғалымдардың III Халықаралық жазғы мектебіне қатысты. Халықаралық жиынға Қазақстан, Ресей, Қытай және Словения өкілдері қатысты. Оқу іс-шарасы барысында тыңдаушылар археология, тарих, мәдениет, түркология және физикалық антропология тақырыбында дәрістер тыңдады. Спикерлер ретінде тарих ғылымдарының докторлары мен тәжірибелі сарапшылар Сергей Грушин, Ернар Ужкенов, Виолетта Сайберт, Валерия Алексеева, Гаухар Қалдыбаева сөз сөйледі. - Әрбір дәрістің теориялық және практикалық мәні зор болды. Жаңа нәрселерді үйреніп, мол мағлұмат алдық. Тіпті 12 шілде күні Усть-Тёплая археологиялық ескерткіш орнына барып қайттық, - дейді ШҚУ студенті Ерболат Болатов. Мұндай тәжірибенің арқасында жас зерттеушілер ежелгі археология әлемімен жақын танысты. View the full image View the full image View the full image View the full image