18.08.2023 ИННОВАЦИЯ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТИВТІ ПӘН МЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының ПОҚ «Инноватика» элективті пәні мен инновация саласында әзірелініп жатқан білім беру бағдарламаларын «QAZINNOVATIONS» инновацияларды дамыту ұлттық агентігінің АҚ-ның басқарма төрағасы Санат Ахановқа ұсынды. Қазіргі уақытта инновацияның рөлі айтарлықтай артты. Сондықтан ұсынылған «Иноватика» пәні мен «Инновация және инвестиция менеджметі» білім беру бағдарламасы, «Білім саласындағы инновациялық үрдістерді басқару» микроквалификация білім беру бағдарламасы қазіргі дамудың негізгі факторынанда бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығуына ықпал ететіні анық. -Аталған элективті пән мен білім беру бағдарламалары шетелдік және отандық әріптестердің тәжірибелерін зерттей отырып, Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының тәжірибесін, олардың бизнес-жобаларын зерделеу мен әдебиеттерді талдау арқылы жоба түрінде жасалды, - дейді кафедра меңгерушісі Майнұр Ордабаева. «Инноватика» пәнін оқуда студент инновациялық жобаларды бағалау мен жоспарлаудың әртүрлі әдістерін қолдана алады, инновациялық жобаларды рәсімдеп және іске асыру бойынша жұмыстардың орындалу реттілігін жоспарлайды, мемлекеттік және жеке құрылымдар тарапынан түрлі салалардағы инновациялық қызметті қолдауға үйренеді екен. - С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың инноватика, инновация және инвестиция менеджметі саласына көңіл бөліп жатқаны үшін қуаныштымын. Дамыудың басты бағыттарының бірі инновация саласының әдісінамасын дұрыстап рәсімдеп, бәскеге қабілетті мамандарды даярлауды қолға алған университет оқытушыларының жұмысына рақметімді айта отырып, қолға алған жобаны басқа да ЖОО және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке ұсынумыз қажет, - дейді «QAZINNOVATIONS» инновацияларды дамыту ұлттық агентігінің АҚ-ның басқарма төрағасы Санат Аханов. Әзірленген «Инновация және инвестиция менеджметі» білім беру бағдарламасында 4 жыл білім алушы кез келген жағдайларды талдай отырып, оңтайлы шешімдерді шығарып, инновациялық жобаларды, бизнес-модельдерді, стартаптарды дамыта алатындай болуы қажет екен. Ал, «Білім саласындағы инновациялық үрдістер басқару» микроквалификация бағдарламасы педагогикалық бағыттағы білім алушылар мен білім беру саласының барлық деңгейлеріндегі менеджерлерге арналған. «Инновациялық үрдістерді басқару» атты біліктілікті артыру курсы иновациялық әдістерді үйрене отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуші барлық мемлекеттік, бизнестегі мамандар мен менеджерлерге, білім беруші барлық ұйым қызметкерлеріне арналған. View the full image View the full image View the full image View the full image