16.06.2023 ҚАЗАҚ, ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының отырысы өтті. Жиналыс мақсаты – философия докторы (PhD) дәрежесін алуға дайындық үстіндегі Меруерт Мұқашеваның жұмысын талқылау болды. Диссертациялық еңбек Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша М.Әуезовтың «Абай жолы» романы негізінде оқыту әдіснамасына арналған. Кездесу офлайн және онлайн форматтарда өтті. Жиналысқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана медициналық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Шәкәрім университетінің және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары мен ғалымдары қатысты. View the full image View the full image