«Қазақстан халқына» қорының «Білім беру гранттары» бағдарламасы жоғары білім алуды қолжетімді етуді арттыруға бағытталған. Қор өкілдері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға 10 білім беру грантын бөлген.
Оқыту «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім ақысын қайтарымсыз төлеуді және ай сайынғы шәкіртақы төлеуді көздейді.
Грантқа үміткерлер тек Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Атап айтқанда, ауылдық жерде тұратын аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жетім және кәмелетке толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялардан шыққан жастар үміткер болады. Сондай-ақ 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларда қаза тапқан немесе жарақат алғандардың балалары, сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қайтыс болған немесе зардап шеккен отбасынан шыққан балалар өтініш бере алады.
Байқауға қатысудың шекті жасы 29 жасқа дейін.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 17 тамызға дейін жүзеге асады.
Call - center:
87232-540-812
87232-541-433
+77013457689
+77771470803
+77777098388