07.04.2023 ҚР ҒЖБМ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ШҚУ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ ҚР ҒЖБМ Қаржы орталығының менеджерлері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын бакалавриаттың бітіруші курс студенттерін «Білім туралы» ҚР Заңы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды. Сонымен қатар, студенттерге жұмысқа жіберу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, жұмыспен өтеу міндетінен босату немесе міндетін тоқтату ережелері түсіндірілді. Қосымша сұрақтар бойынша № 1 оқу ғимаратында 203 кабинетте орналасқан Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығы View the full image View the full image View the full image