13.06.2023 ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ «БЕТТІК ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТРИБОЛОГИЯ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закарья С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Беттік Инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығына келді. Күнсұлу Дальтонқызы ЖОО Академиясының Start Up жобасымен танысты. Сондай-ақ, «Беттік Инженерия және трибология» ҒЗО-ның өнертабыстарына баға беріп, детонациялық бүрку, металдандыру, электролитті-плазмалық өңдеу жұмыстарын көрді. Қонақ наноқұрылым және механикалық сынақтарын көріп, 3D модельдеу және прототиптеу зертханаларын да тамашалады. ЖОО ғалымдары керамикалық композиттік жабындарды алу технологиясы және термопластикалық полимерлер негізінде көпфункционалды жабындарды қолдану технологияларын әзірлеу туралы әңгімелеп берді. Әзірленген технологиялар мен композициялық жабындарды энергетикада, машина жасауда және тозу мен ыстыққа төзімді материалдар қолданылатын басқа салаларда кеңінен қолдануға болады. Сондай-ақ, «Tribo–Tech» ғылыми-өндірістік учаскесі таныстырылды. Мұнда қызметкерлер машина жасауда бөлшектерді өңдеу, қалпына келтіру және нығайту үшін әзірленген әдістер мен технологияларды қолданады. Орталық мақсаты – беттік инженерияда қажет әзірлемелерді дайындап, отандық өнеркәсіп өндірісіне жаңа әзірлемелерді енгізу, сонымен қатар Қазақстанда трибологияны дамыту. Орталық қызметкерлері 2018-2024 жылдарда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қолдауымен жалпы сомасы – 828 млн теңгеге 13 жобаны іске асыруда. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image