01.04.2023 ҚҰҚЫҚТАНУ БОЙЫНША «СЕЙІТОВ ІЗБАСАРЛАРЫ» АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАСЫ Ол Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының үш университетінің студенттері арасында өткізілді. Айта кетейік, олимпиада Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, 1966-1984 жылдардағы Қазақ КСР-інің Бас прокуроры, 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Өтеген Сейітовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылар да қатысты. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген мен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев олимпиада қатысушыларына ақ тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. – Бүгін барлық студенттер өз білімдерін өте жақсы көрсете алды. Құқытану бойынша білім беру бағдарламалары оқытылатын университеттерде базалық теориялық білімі бар жастардың оқитыны қуантады. Ең бастысы студенттерге оқуда табыс тілеймін, – деді Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев. Олимпиаданың өзі үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар қазылар алқасының мүшелері мен көрермендерге өздерінің жоғары оқу орындары және Өтеген Сейітов туралы презентацияларын көрсетті. Екінші кезеңде студенттер заң терминдері туралы білімдерін көрсетіп, ал үшіншісінде – прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, тергеу іс-шараларын жүргізу және Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік, азаматтық процестік заңнамалары саласында прокурорлық қадағалау бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешті. – Біздің университет Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасымен 30 жылға жуық уақыт бойы бірлесіп қызмет істеп келеді. Меморандум 1994 жылы жасалды. Бүгінгі таңда Amanzholov University түлектерінің көпшілігі құқық қорғау органдарында, соның ішінде прокуратурада жұмыс істейді, – дейді ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген. – Бұл күні болашақ заңгерлерге кәсіби маман болуды және әрқашан сапалы білім алуға ұмтылуды тілеймін. Болашақ тәртіп сақшыларының білімін тәжірибелі қазылар алқасы, ШҚО прокуратурасының қызметкерлері бағалады. Әр тапсырманы орындау барысында олимпиадаға қатысушылар бір-біріне көмектесіп, үйлесімді команда болып жұмыс істеді. Олардың айтуынша, мұндай конкурстарға қатысу болашақ мамандықта өз қабілеттерін іске асыру үшін қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді. – Мұндай олимпиадалар студенттер үшін қажет, өйткені осылай біз болашағымыз үшін қажетті тәжірибе жинаймыз. Болашақта осы сынды іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады деп үміттенемін, – деп атап өтті «Құқықтану» мамандығының үшінші курс студенті Полина Самойлова. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ командасы иеленді, екінші орын Alikhan Bokeikhan University білім алушыларына берілді, ал үшінші орынды Қазақстан-Америка еркін университетінің командасы алды. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image