24.07.2023 КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ: ӨМІРГЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС Бүгінгі күнге дейін жастар арасында қарттарды әлеуметтендіру мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Зейнетке шыққан қарттарды қоғам ағынына бейімдеу үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ үздіксіз білім беру тұжырымы аясында «Күміс университет» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Оның негізгі міндеттері – егде жастағы адамдардың өзара ортасын қалыптастыру, белсенді өмір сүруге деген құлшыныстарын, физикалық белсенділік пен қарым-қатынас дағдыларын арттыру, гаджеттерді игеруге көмектесу, құқықтық және қаржылық сауаттылықты кеңейту және ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету саналады. Оқыту өзекті және қажетті бағыттарды қамтиды: экономика, психология, филология, өлкетану, денсаулық және IT-сауаттылық. Білім беру процесіне зейнеткерлік жастағы (58+ жас) кез келген азамат қатыса алады. Жоба үйлестірушілері үнемі жаңашылдықтар енгізіп отырады. Осылайша, 25 тыңдаушы үшін «Егде жастағы адамдарға арналған сауықтыру дене шынықтыру» курсы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – дене шынықтыру сабақтары арқылы өмір сүру сапасын жақсарту. Айта кетейік, бүгінгі таңда 130-дан астам зейнеткер «Күміс университетте» оқудан өтті. Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының байланыс нөмірлері: 8(7232) 25-22-84 87478271419 87055092111 8708756907 View the full image View the full image