Университет ПОҚ-ның біліктілікті арттырудың жылдық жоспарына сәйкес педагогика ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Гаян Ғұбайдуллина мен Сәния Кубентаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курстардың тақырыбы «Заңбұзушылақтарға тап болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық сүйемелдеуге» арналған.
Жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың жиілеп кету жағдайларын ескерсек, қазіргі уақытта бұл мәселе сұранысқа ие. Талқылауды қажет етеді. Білім беруді цифрландыру жағдайында «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсы да өзекті саналады.
Біліктілікті арттыру курстарында курсанттардың өздік жұмысына ерекше ден қойылды. Атап айтқанда, «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары, оқытудың инновациялық технологиялары, оқу залдарындағы жұмыс тақырыптары зерделенді.
- Біліктілікті арттыру курсынан өтуге мүмкіндік алғанымыз қуантады. Жаңартылған кәсіби білім мен құзыреттілік біздің университет студенттерін оқыту процесінде қолданылатынына сендіреміз, - деді оқытушылар.