14.06.2023 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ ТҮЛЕКТЕРІ-2023 ШҚУ студенттері төртінші жыл қатарынан ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі Департамент жанындағы мектепте білім алып, сертификатталған түлектер атанып шығып жатыр. Курстар заманауи көзқарасы бар, қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамайтын жас патриоттардың арқасында кадр саясатын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жаңа Қазақстанда дәл осындай міндет басымдыққа ие. Биылғы оқу жылында 30 студент аяқтады. Олардың барлығы өздері таңдаған мемлекеттік органдарда 8 ай бойы теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, көптен күткен сертификаттарына қол жеткізді. Оқу тегін өтеді. Студенттер алғашқы айларда теорияны меңгереді. Екінші семестрде 3 айлық өндірістік практика басталады. Оның барысында білім алушылар тәжірибелерін шыңдап, қылмыстық кейстерді талдайды, таңдалған мемлекеттік мекемеге байланысты құжаттаманы жүргізеді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаевтың айтуынша, курстар белгілі бір білім беру бағдарламасына байланбаған. Мектептен қалаған жастар өте алады. Тіпті, шығармашылық мамандықтардың студенттері де жан-жақты даму үшін қосымша білім ала алады. - Жоба табысты жұмысқа орналасуға ықпал етеді. Мұндай сертификат жоғары білім дипломымен бірге үлкен өмірге жақсы жолдама. Бір сөзбен мектебіміздің түлектері бірден мемлекеттік қызметкерлер қатарынан көріну үшін қызу жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Нұрлан Еркебаев. С.Аманжолов атындағы ШҚУ облыстың және елдің атқарушы билік органдары үшін сапалы мамандар дайындайтын негізгі ЖОО-ның бірі. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image