29.04.2020 Мониторинг ШҚМУ студенттерінің 90%-дан астамы университеттегі білім сапасына қанағаттанатынын көрсетті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу сапасына мониторингтік зерттеулер жүргізілді. «Студенттердің алған білім сапасына қанағаттанушылығын зерттеу» онлайн сауалнамасына күндізгі бөлімнің 1-4 курс студенттері қатысты. Оқу жылы ішінде университеттің сапа менеджменті, мониторингі және болжау бөлімі білім беру қызметтерінің ішкі тұтынушыларының қанағаттанушылығын бағалау мақсатында түрлі мониторингтік зерттеулер жүргізді. Респонденттердің «Сіздің ойыңызша, білім сапасын қамтамасыз етуге қандай факторлар шешуші әсер етеді» деген сұраққа жауап беру нәтижелері мынаны көрсетті: респонденттердің 25,1% білім сапасына негізінен мұғалімдердің кәсіби білімі, 18,63% оқу бағдарламаларының сапасы, 16,3% қажетті әдебиеттердің қолжетімділігі және оған ақысыз қолжетімділік, 14,45% «жоғары білім алуға ынталандыру» әсер етеді деп санайды. «Сіз оқытушылар мен қызметкерлердің қарым-қатынасына қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа 61,5%-ы, «Сіз білім сапасына қанағаттанасыз ба?» сұрағына 74,3%-ы «толығымен қанағаттандырады» деп жауап берген. Осылайша, респонденттердің 90,5%-ы білім сапасына қанағаттанған. Сонымен қатар, студенттердің оқу нәтижелеріне қанағаттанушылығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жалпы алғанда, оқу нәтижелерінің білім алушылардың үміттеріне сәйкестік деңгейі 88%-ды құрайды. Мұнымен қатар, бейінді бағыттағы 4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары және ғылыми-педагогикалық бағыттағы 2 курс магистранттары арасында «Түлектердің білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу сапасына қанағаттануы» атты онлайн-сауалнама жүргізілді. Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына 68,35%-ы, дайындық деңгейінің еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігіне 64,55%-ы толық қанағаттанған. Жалпы, бітірушілердің білім беру бағдарламаларының сапасына қанағаттанушылық деңгейі өте жоғары деп қорытынды жасауға болады. Баспасөз қызметі View the full image View the full image