13.06.2023 ӨСКЕМЕНГЕ ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ КҮНСҰЛУ ЗАКАРЬЯ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ Бүгін облыс орталығына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья келді. Жұмыс сапарының мақсаты – жаңа зерттеулермен танысу және ғылыми қоғамдастықтың жергілікті кәсіпорындарымен ынтымақтастығын дамыту. Қонақ сапар барысында өңірлік жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындарды аралады. Атап айтқанда, өндірістік арматура зауыты мен Үлбі металлургия зауытының өкілдерімен кездесуі өтті. Дөңгелек үстел аясында қатысушылар баяндамаларын оқып, кәсіпорындардың қаржыландыруы арқасында ғылыми жобаларды коммерцияландыруды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. - ЖОО құрылымында Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана жұмыс істейді. Бұл университеттің ғылыми-өндірістік өзегі. Біз жергілікті зауыттармен, БАҚ-пен және әлемнің университеттерімен тығыз жұмыс істейміз. Қазіргі ірі жобалардың бірі – сұйық цитология саласында биоматериалды сақтау және тасымалдау үшін бекіту ерітіндісін жасау. Мұндай айтулы жұмыстардың бірнешеуі қолға алынған, - дейді Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген. Дөңгелек үстелдің жалғасы ретінде ғылыми көрме өтті. Онда жоғары оқу орындары ғалымдарының жетістіктері көрсетілді. Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері қонақтарды демографиялық-ақпараттық порталмен және Amanzholov University зерттеу басылымдарының қорымен таныстырды. Орталық директоры Жанна Әубәкірованың айтуынша, ұсынылған ақпараттың құндылығы нақты мәліметтерде ғана емес, қолжетімділігінде. Кез келген ғылыми қызметкер «Алтайтану» қызметкерлерінің көп жылдық зерттеулерінің деректерін еркін пайдалана алады. Арнайы портал ұсынылған http://statdata.info. View the full image View the full image View the full image View the full image