19.04.2023 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушылары, профессор Н.Завалко, доцент С.Сахариева және қауымдастырылған профессор Н.Радченко «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура білім алушыларымен «Ғылыми workshop» форматында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Сондай-ақ Н.Ф.Катанов атындағы Хакас Мемлекеттік университетінің шетелдік серіктестері доцент Е.Феоктистова және доцент В.Мирошниченко қатысты. Семинар барысында жас зерттеушілер өздерінің ғылыми қызметінде тап болуы мүмкін өзекті мәселелер мен қиындықтар турасында талқылады. Ғылыми зерттеу әдіснамасының негіздері баяндалып, ғылыми танымның әртүрлі деңгейлері қарастырылды. Зерттеу бағытын таңдау, ғылыми-педагогикалық проблеманы қою, теориялық және эксперименттік зерттеулер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жолдары сөз болды. Рефлексия кезінде білім алушылар өткізілген семинардың теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтті. View the full image View the full image View the full image View the full image