С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Э.О. Столярова қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы форсайттық зерттеулерге сарапшы ретінде қатысты.
Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты» «Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы форсайттық зерттеулер» жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Форсайт-сессиялардың модераторлары – ел экономикасы саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді даярлау бағдарламасындағы үздік жаттықтырушы-практиктердің бірі Олег Мецик және BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі, Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек.
Сессияға сарапшы ретінде қатысу үшін «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Элеонора Олеговна Столярова шақырылды.
24-26 тамыз аралығында форсайт-зерттеуге қатысушылар елдің беделді әлеуетін нығайтуға бағытталған ұлттық брендтерді талқылады.
Жоба аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың қазан айында қорытынды конференция өтіп, сараптамалық ұсыныстар ел Үкіметіне жіберіледі.
«Алтайтану» ҒЗО