С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 300 оқытушысы мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі бойынша оқытудан өтті.
2022 жылдың мамыр-маусым айларында Сарсен Аманжолов атындағы университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес «ИСО енгізу агенттігі» консалтингтік компаниясының өкілдері арнайы оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін ISO 37001:2016 «Жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері» халықаралық стандартының талаптарына сай мамандар даярлау бағдарламасы бойынша курстар өткізді. Оқудан өткен 300 оқытушы мен университет қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің менеджері» біліктілігі берілді.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері