16.03.2023 ШЕЖІРЕ КҮНІН ТОЙЛАУ Жетінші корпуста жас ұрпаққа арналған Шежіре күні атап өтілді. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Үлкендер жастарға батасын беріп, елдің, өлкенің тарихы, ерлігі туралы айтады. – Шежіре күні – отбасылық құндылықтарды дәріптейтін күн болып табылады, сондықтан осы күні жылу мен жайлылық атмосферасын қалыптастыру өте маңызды. Университет дәліздерінде студенттеріміздің стартап-жобасының шығармашылығымен және "Отбасы ағашы" тақырыбындағы суреттермен танысуға болады, – деді IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканова. Студенттер қазақ этностилін көрсетіп, "Отбасы" тақырыбында суреттер салып, «Жеті ата» дәстүрі түсіндірілетін шағын көріністі сахналады. Іс-шараға жоғары оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген де қатысып, студенттер мен ұжымды мерекемен құттықтады. Айта кетейік, осы корпуста ғалымдар жаңа жобаларды дайындау үстінде, технологтар ГМО-сыз тәтті тоқаштар әзірлейді, церебральды сал ауруы бар балаларға ыңғайлы креслолар жасалады, қолөнершілер жоғалмайтын жастықтар тігеді және т. б. Мерекелік күн көктем туралы әндермен және күмбірлеген күймен аяқталды. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image