20.08.2019 ШҚМУ-де Барнаул заң институтының өкілімен кездесу өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың заң кафедрасының оқытушылары ресейлік ЖОО-мен халықаралық байланыс орнату жұмыстарын жалғастыруда. ШҚМУ оқытушылары Ресей ІІМ-нің Барнаул заң институтының өкілі, қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Эльмира Пашаевамен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде заңгерлер оқу-әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми жұмыстар жинақтарымен алмасып, оқу орындарындағы білім беру баңдарламаларына тоқталып, серіктестікті дамыту мәселелерін қозғады. Айта кету керек, Барнаул заң институтының, қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Пашаева университетіміздің заң факультетінің түлегі болып табылады. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image