16.06.2023 ШҚУ-ДА МАГИСТРАТУРА: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК? Магистратураға тапсырушыларға: 1. Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін жүргізіледі. 2. Тіркелу үшін сілтеме https://app.testcenter.kz/ 3. Магистратураға КТ 2023 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызы аралығында өткізіледі. 4. Кешенді тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді 5. Түсу емтихандары мен КТ тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді. 6. Конкурс - 2023 жылдың 20 тамызына дейін жүргізіледі. 7. Оқуға қабылдау - 2023 жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі. Магистратураға түскен тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады: 1. Университет басшысының атына өтініш; 2. жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа); 3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 4. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет; 5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама; 6. шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда); 7. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін); 8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда). 9. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады: - IELTS, шекті балл - кемінде 6,0, - TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60, - TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498, - DSH, (Niveau С1/деңгей C1), - TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), - TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес, - DELF, B2 деңгейі, - DALF, C1 деңгейі, - TCF – кемінде 50 балл 11. Сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға шет тілі бойынша тестілеуден 50 балл есептеледі. 12. Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте: Шет тілі бойынша – кемінде 25 балл; Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша– кемінде 7 балл; Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл; Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша – кемінде 7 балл Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде оқуға КТ және түсу емтихандары бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.: ғылыми-педагогикалық үшін - кемінде 75 балл, бұл ретте: Шет тілі бойынша – ; Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша – ; Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – ; оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – кемінде 50 балл, бұл ретте: Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (Қазақ/Орыс/ Ағылшын) – ; Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша тест (ағылшын тілінде) – кемінде 7 баллдан. View the full image