06.06.2023 ШҚУ-ДА ОННАН АСА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ ШҚУ-да «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 оқу жылынан бастап оннан аса білім беру бағдарламасы енгізіледі. Атап айтқанда, «Экономика және басқару», «Қаржы және есеп», «Дене шынықтыру және АӘД», «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі», «Білім берудегі психология», «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш білім беру», «Әлеуметтік педагогика», «Арнайы білім беру», «Ерте жастан қолдау педагогикасы», «Эрго-педагогика», «Тарих және әлеуметтік зерттеулер», «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» мен «Ағылшын тілі және CLIL тренері». Магистр дәрежесін аламын деушілерді де жаңашылдықтар күтуде. Енді университеттің болашақ магистранттары жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламаларына түсе алады. Оның қатарында «Экономика және басқару», «Қаржы және есеп», «Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Білім беру зерттеулері» және «Арнайы білім беру» бар. Әр жаңа мамандықтың өзінің өзгешелігі бар. Мәселен, «Ағылшын тілі және CLIL тренері» бағдарламасының ерекшелігі ағылшын тілі пәні мұғалімін жан-жақты, оқытудың түрлі деңгейінде жұмыс істей алатын - бастауыштан бастап жоғары білімге дейін білім беру. «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім алушылары гидро ресурстарды мониторингілеудің, олардың ластануын талдаудың және тазартудың заманауи геоақпараттық әдістерін меңгеретін болады. Қазіргі уақытта түрлі бағыттағы мұғалімдерге деген жоғары сұраныс байқалады. Осы себепті педагогикалық білім берудің білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылады. Мысалы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерте жастан қолдау педагогикасы» мамандарын дайындаумен айналысады. Білім беру бағдарламасы дамудың ерте ерекшеліктерін бағалауда және дайындықты жобалауда маманның құзыретін қалыптастырады. «Эрго-педагогика» түлектері даму ерекшеліктері бар баланың мағыналы іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және жүргізумен айналысады. Amanzholov University еңбек нарығының қажеттіліктерін талдай отырып, құзыретті кадрларды даярлау бойынша жүйелі түрде мақсатты жұмыс жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылында 1 инновациялық және 5 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. View the full image