31.05.2021 ШҚУ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық вебинар өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Болашақ үшін есте сақтау" халықаралық вебинары өтті. Іс-шараға РҒА СБ тарих институтының (Новосібір, РФ), Шәкәрім атындағы университеттің (Семей қ.), С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары, мұрағаттар қызметкерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыс топтарының жетекшілері мен мүшелері, студенттер, магистранттар қатысты. Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік комиссия тобының жетекшісі И.В. Ровнякова ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Жарлығының маңызғын атап өтті. Вебинар қатысушыларының баяндамаларыры саяси қуғын-сүргін тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелерін қозғады. Мәселен, РҒА СБ тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Н.Н. Аблажей (Новосібір, РФ) "Травматикалық кеңестік өткен шақ: тарихи жад саласындағы саясат және практика", РҒА СБ тарих институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Н.А. Потапова "1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алудың мемлекеттік саясаты: Ресей мен Қазақстанның тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image