31.05.2021 ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты библиографиялық ұсынымдық көрсеткіш шығарды Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай баспаға «Қасиетті жылдар жаңғырығы» атты библиографиялық ұсынымдық көрсеткіш әзірледі. Көрсеткіш С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасында бар материалдар негізінде дайындалған. Материал алфавиттік ретпен орналастырылған. Нұсқаулыққа саяси қуғын-сүргін тақырыбын көтерген университет оқытушыларының, магистранттары мен студенттерінің монографиялары, оқу құралдары, мақалалары енген. Мысалы, көрсеткішке А.С.Жанбосынованың 2020 жылы Семейде «Интеллект2 баспасында басылып шыққан «Прошу снять с меня незаслуженное клеймо 58-й статьи»: эго-документы в истории политического террора в Казахстане» атты монографиясы енді. «Соғысқа дейінгі жылдары көптеген жазықсыз адамдардың жаппай қырылуына кім кінәлі – ел басшылығы, жергілікті билік, идеология немесе адамдардың өздері?» Бұл сұрақтарға шынайы жауап беруге тырысу мұрағаттардан ақпарат іздеуге әкелді. Қазақстандық тарихнамада алғаш рет саяси қуғын-сүргін тарихы эго-құжаттарда, жеке әңгімелерде көрсетілген. Жеке микросюжеттермен ұсынылған саяси террордың дискурсы қуғын-сүргінде болған Кеңес дәуіріндегі кішкентай адамның белгісіз тарихын көрсетеді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының хаттары – бұл қорқыныш тарихының көрінісі, РСФСР Қылмыстық кодексінің әйгілі 58-ші бабынан зардап шеккен бірнеше ұрпақтың отбасылық қайғысы. Қуғын-сүргіннің қорқынышын ақтауға және халық жадынан алып тастауға болмайды. Біздің тарихымыздың беттері қаншалықты қайғылы болса да, біз бәрін білуіміз керек, өйткені бұл – біздің тарихымыз. Өкінішке қарай, Қазақстандағы саяси террор тарихының барлық беттері әлі жазылмаған. ОГПУ – НКВД – МГБ – ІІМ құжаттарының басым бөлігінде «өте құпия» деген белгі әлі тұр. Библиографиялық көрсеткіш студенттер мен магистранттарға арналған. Ғылыми кітапхана View the full image View the full image View the full image