29.07.2020 ШҚУ-дың оқу жоспарларына жаңа пәндер енгізіліп отыр С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарларына жаңа нормативтік-құқықтық актілерге және ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес жаңа пәндер тізбесі енгізілді. «Қашықтықтан оқытуды іске асырудың әдістемелік негіздері» модулі шеңберінде бакалавриатты оқыту үшін келесі пәндер қарастырылған: «Цифрлық білім беру ортасы: қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтің жаңа құзыреттілігі» (балама – «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы бағалау қызметі»), «Педагогтің цифрлық сауаттылығы» (балама – «Педагогтің электрондық портфолиосы»), сондай-ақ шығарушы кафедраның таңдауы бойынша пән. Магистратура үшін «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар» модулі бойынша келесі пәндер енгізілді: «Ғылыми-педагогикалық қызметтегі бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік модельдеу» (балама – «Білім берудің электрондық және интернет-ресурстарын әзірлеу және пайдалану») және «Квалиметриядағы ақпараттық-өлшеу технологиялары» (балама – «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім беру сапасының мониторингі»). Баспасөз қызметі View the full image