04.02.2021 ШҚУ ғалымдарының 3 жобасы министрліктің гранттық қаржыландыру конкурсын жеңіп алды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғалымдары Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төменде берілген басым бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында 3 жобаны жеңіп алды: 1. «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»: - «Радиоэлектрондық өнеркәсіпте қолдануға арналған жоғары жылу және электрофизикалық қасиеттері бар бериллий оксиді негізіндегі нанокомпозициялық керамика», ғылыми жетекшісі – Қасымов Асқар Бағдатұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 53 232 054 мың теңге. - «Ұнтақтарды күйдіру әдісімен кремний карбиді негізінде керамикалық материал алу технологиясын әзірлеу», ғылыми жетекшісі – Әбілев Мәди Балтабайұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 53 232 054 теңге. 2. «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс»: - «Әскери қажеттіліктерге арналған белсендірілген көміртегінен алынған графен оксиді мембранасының негізінде ылғалға сезімтал сенсорын жасау» ғылыми жетекшісі – Қуанышбеков Тілек Қуанышбекұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 48 000 000 теңге. Ғылыми жетекшілерді құттықтай отырып, мақсаттарына жетуде сәттілік тілейміз! Инновациялық даму және коммерциаландыру департаменті View the full image