С. Аманжолов атындағы ШҚУ еңбек нарығындағы үрдістерді ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту бағытында мұғалімдердің және эргопедагогтардың тапшылығы байқалады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, нәресте кезде әртүрлі кемістігі бар балалардың 2 % ғана кездеседі, бірақ 8-9 жасқа дейін мұндай балалар саны 10% дейін артады. Бұл балалардың 8% диагноз қойылмаған және ерте көмек алмаған деген сөз. Мұғалім функционалдық мүмкіндіктері шектеулі балаларға ертерек көмек пен қолдау көрсету технологияларын меңгеруі қажет.
Оқуды бітіргеннен кейін мамандар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, оңалту және медициналық орталықтарда, емханалар мен балалар үйінде жұмыс істей алады. Сонымен қатар, ерте қолдау көрсететін мұғалімдер медициналық-психологиялық-педагогикалық кеңестер беріп, білім беру ұйымдарында сабақ бере алады.
«Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасында тағы бір маңызы зор «Эргопедагог» білім беру бағдарламасы ашылып жатыр.
- Бұл физикалық, психикалық немесе әлеуметтік қиындықтары бар балалармен және ересектермен жұмыс істейтін маман. Эргопедагог олардың қимыл-қозғалысын, танымдық қызметін дамытып, қоршаған ортаға бейімделу арқылы күнделікті өмірінің сапасын жақсартады, - дейді кафедра мамандары.
Түлектердің жұмысқа орналасуына инклюзивті ұйымдарда, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және мектеп-интернаттарда кепілдік беріледі. Сондай-ақ, эргопедагогтар бейімделген дене шынықтыру сабақтарын жүргізе алады.
Бұл мамандықтарды таңдаудың негізгі артықшылықтары әлеуметтік маңыздылығы, жұмысқа орналасудың жоғары екенін атап өткен жөн. Бір жылдың оқу құны 600 000 теңге, ал ТжКБ, ЖОО базасында – 498 000 теңге.
Байланыстар:
8(7232) 540-665
87052397975
87778578298