12.07.2023 ШҚУ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ПОЛЬШАДА НАСИХАТТАУДА С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімінің маманы Дана Нығманова Польшада он ай болып, елге оралды. Бойжеткен Лейн Киркланд атындағы халықаралық стипендиялық бағдарлама арқасында шетелде болған. Жоба 23 жыл бойы Шығыс Еуропаның, Оңтүстік Кавказдың және Орталық Азияның жас, мақсатшыл әрі белсенді азаматтарын қолдауды мақсат етіп келеді. Бағдарлама бес поляк академиялық орталықтарының бірінде екі оқу семестрін қарастырады. Атап айтқанда, Варшава, Краков, Вроцлав, Познань және Люблин қалаларында. Шарт бойынша қатысушылар мемлекеттік немесе жеке ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтуге және ғылыми-практикалық конференцияларға, шеберлік сыныптарына, мәдени іс-шараларға қатысуға міндетті. Бүгінде Лэйн Кирклэнд бағдарламасын бітірген түлектер саны 986. - Мен бірнеше ай бойы мен зерттеу жүргізіп, Краков қаласындағы Ягеллон университетінде ғылыми жұмыс жаздым. Сондай ақ, Варшавада Польшаның Ұлттық академиялық алмасу агенттігінде екі апталық тағылымдамадан өттім. Іріктеу қатаң болды. Қазақстаннан 60-тан аса өтінім түсті. Тек алты адам іріктелді. Солардың қатарында болғаныма қуаныштымын. Ректор Мұхтар Төлеген бастамамды бірден қолдады. Барлығына рахмет, - жейді Дана Нығманова. Қызметкердің айтуынша, бағдарлама Польша мәдениетімен танысып қана қоймай, өз елінің өкілі ретінде ынтымақтастық орнатуға тамаша мүмкіндік берді. Мәселен, қазақ мәдениетін насихаттау үшін мектептердің бірінде таныстыру жобасын Қазақстанға арнаған. Практикалық бөлім барысында поляк оқушылары қазақ ою-өрнектерін қағаздан қиюды үйренген. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image