19.07.2023 ШҚУ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН АРАЛАУДА С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімімен кездесті. Кездесуде университет қызметкерлері ауданның мектеп түлектерін «Серпін» бағдарламасы бойынша ШҚУ-ға шақыруға атсалысуға үндеп, оқу орынының мүмкіндіктері жайына тоқталды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев шығыстан келген қонақтарды жылы қарсы алып, Amanzholov University жайлы бұрыннан хабардар екенін сөз етті. - Оқу орындарыңыз таңсық емес. Өйткені, білім ордасының жетістіктері маған мәлім. Республикадағы алдыңғы қатардағы ЖОО екенін білемін. Бүгінде ШҚУ-да ауданымыздың 27 тумасы білім алып жатқанын айта кетейін. Түлектер тек қана жақсы пікірлерін айтады, - деді аудан әкімі Арман Абдуллаев. Университет делегациясын бастап барған Мәрлен Әбубәкірдің айтуынша, ШҚУ-ға оқуға түсуге ниетті түркістандық жастар көп. Талапкерлерді Аманжолов университетінің беретін сапалы білімі, студенттерге қолайлы орта, жайлы студенттер үйлері, әскери кафедра мен жоғары шәкіртақы және әлбетте, Шығыстың шырайлы табиғаты қызықтырады. Еске сала кетейік, биыл Аманжолов университетіне «Серпін» бағдарламасы бойынша 415 грант бөлінген. View the full image View the full image View the full image