01.07.2023 ШҚУ ПОҚ ҚҰРАМЫ ЖАҢА PHD ДОКТОРЛАР ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРМЕН ТОЛЫҚТЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген Әсел Жылқашинова мен Зарина Сәтпаеваға PhD докторы дипломдарын табыстап, Ләйлә Жүрероваға қауымдастырылған профессор атағын берді. Оларды «Физика» мамандығы бойынша оқыту және қорғау университет базасында жүзеге асты. Еске сала кетейік, 2018 жылы Мұхтар Төлегеннің бастамасымен химия және физика бойынша диссертациялық кеңес ашылған еді. Мұндай шешім докторанттар санының артуына әкелді. Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы ЖОО-да бес докторант қана болды. Тура бір жылдан кейін олардың саны 58-ге жетті. Бүгінде университетте 90-ға жуық докторант бар. Әсел Жылқашинованың жұмысының мақсаты - «Хром, алюминий, кобальт композициялық жабынының құрылымдық-фазалық күйлері мен қасиеттерін зерттеу». Жас PhD доктордың айтуынша, басшылықтың қолдауының арқасында қорғаудан сәтті өтіп, көптен күткен ғылыми дәрежеге қол жеткізді. Әсел Жылқашинованың ендігі мақсаты - ғылымды жаңа инновациялық деңгейде дамыту. Зарина Сәтпаева «Электролитті-плазмалық қатайту кезінде болаттардағы құрылымның қалыптасуы» тақырыбында зерттеу жасады. Жас ғалым ғылыми дәреже жауапты жобаларға қатысуға мүмкіндік беретінін айтады. «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО аға қызметкері Ләйлә Жүрерова қазіргі уақытта модификацияланған жабындарды алу бойынша бірнеше жобамен айналысуда. Биыл энергетика және машина жасау саласындағы жобаны жеңіп алды. Мен ғылыми саланы аймақ пен республика деңгейінде белсенді түрде дамытып жатырмын. Және мұнымен тоқтап қалмаймын. Университетіме берілген мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын. Қауымдастырылған профессор атағын алғаныма өте қуаныштымын, - дейді Ләйлә Жүрерова. Мұхтар Төлегеннің айтуынша, ғалымдар қорғаудан сәтті өткен. Диссертациялық кеңес бәріне жоғары баға берді. View the full image