13.10.2020 ШҚУ профессоры, ЮНИСЕФ сарапшысы И. Мацкевич Үйлестіру кеңесінің VI отырысында баяндама жасады С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының сарапшысы, психология ғылымдарының кандидаты И.К. Мацкевич Еуропалық одақтың және Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қолдауымен «Қазақстандағы көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау» Үйлестіру кеңесінің VI отырысына қатысты. Отырыс онлайн-режимде өтті. Үйлестіру кеңесінің VI отырысында қаралған мәселелер – бірлескен бағдарламаны іске асыруды үйлестіру және жоспарлау, КОВИД-19 пандемиясының мигранттарға әсері және орталық және жергілікті деңгейлердегі ден қою шаралары, Қазақстан өңірлеріндегі көші-қон процестерінде балаларды қорғау бойынша модельді тестілеу нәтижелерін таныстыру. И.К. Мацкевич «Көші-қон үдерісінде балаларға арналған достық бөлмелерін құру және жабдықтау бойынша ерекшелік» тақырыбында баяндама ұсынды. Баяндамашылар арасында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А. Әзімова, ҚР-дағы Еуропалық одақ өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсон, ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен, халықаралық сарапшы, ЮНИСЕФ консультанты Аваз Рауф, ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі М. Алыбекова және басқалар болды. Баспасөз қызметі View the full image